Ботаникалық саябақта БҰӨСО мен Есіл ауданы ардагерлер кеңесінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты спорттық флешмоб өтті.
Іс-шараның мақсаты – егде жастағы адамдарды спортпен айналысуға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау еді. Флешмобқа 215 белсенді зейнеткер қатысты. Қатысушылар үлкен ынтамен және көтеріңкі көңіл күймен жаттығулар жасап, өмірге деген құлшынысы мен сергектігін көрсетті.

Іс-шара барысында Есіл ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы
Ш. Үстемірова барлық қатысушыларды Қарттар күнімен құттықтап, спорттағы бастамаларына сәттілік тіледі.



