2025 жылдың сәуір айынан бастап Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында танымал спорт түрлерінің бірі — бильярд клубы өз жұмысын бастады. Ашылған сәттен бастап мұнда 60-қа жуық зейнеткер тіркеліп, тұрақты түрде айналыса бастады.
Күн сайын клубқа 20-30 адам қатысады. Олар бос уақыттарын өткізумен қатар, өз шеберліктерін жетілдіруде. Клубтың жұмысына белсенді зейнеткер, волонтер Кусейн Юсупов жетекшілік етеді.

«Зейнеткерлер арасында бильярдқа деген қызығушылық өте жоғары. Ойындар күн сайын достық және қызықты атмосферада өтеді» — дейді Орталықтың мәдени ұйымдастырушысы Айару Бақытова.
Қарттар айлығы аясында өткен турнирде белсенді қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті.

Турнирге 30-ға жуық адам қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
1 орынды Марат Ақашев, 2 орынды Вячеслав Ли алса, ал
3 орынды Мұрат Шамиганов пен Боранбай Рамазанов өзара бөлісті.
Астана қалалық мәслихатының депутаты Бауыржан Смайлов турнирді өткізуге өз үлесін қосып, зейнеткерлерге қолдау көрсетті.



