Бүгін Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

⠀
Концертке орталықтың қызмет алушылары белсенді қатысып, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Кеш барысында «Сарайшык сазы» вокалдық ансамблі, «Тұмар» фольклорлық ансамблі, «Қолөнер» клубының атынан «Шаңырақ» шығармашылық нөмірі және жеке орындаушылар көрермендерге тамаша өнер көрсетті. Шара басында «Зияткерлер» клубының жетекшісі мемлекеттік рәміздердің маңызы мен қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі туралы тағылымды ойларымен бөлісті.

⠀
Мереке қарсаңында қызмет алушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күйде қуанышқа бөленді.



