Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қазақстан Республикасының күніне орай Нұра ауданынан Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушы зейнеткерлері «Шабыт биі» атты мерекелік би флешмобын дайындады. Қойылымның жетекшісі — Орталықтың хореограф- маманы Ирина Смағұлова болды.
Ирина Николаевна би үйірмесінің қатысушыларын біріктіріп, оларды жарқын шығармашылық нөмір жасауға шабыттандырды.

Ақ Орда фонындағы әдемі би Шабыт, Бірлік пен Отанға деген сүйіспеншіліктің символына айналды. Биші ата-әжелеріміз мереке атмосферасын, мақтаныш пен ұлттық рухты қуана жеткізді.