Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі – Қарттар күніне орай «Ардагер ғұмыр – асыл кезең» атты салтанатты кеш өтті. Кеш шымылдығы жастық шаққа деген сағыныш пен естеліктерді терең сезіндіретін әсерлі композициямен ашылып, көрермен жүрегінен орын алды. Әсем әуенмен үйлескен «Ретро вальс» биін сахна төрінде «Элегант дэнс» тобы орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.



Мерекелік кештің алғы сөзін бөлім басшысы К. Бапишев алып, ардагерлерге деген шынайы құрметін білдірді:
«Мереке күнінде ғана емес, жылдың әр сәтінде сіздердің парасатты пайымдарыңызға, еңбектегі ерен үлестеріңізге бас иеміз. Құрметтің үлкеніне әрдайым лайықсыздар, қадірлі қариялар!» – деп жүрекжарды лебізін жеткізді.



Концерттік бағдарлама барысында орталықтың қызмет алушылары ән шырқап, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Көрермендер әр өнер туындысына тәнті болып, шаттыққа бөленіп, қошемет көрсетуден тартынбады. Кеш бойы сахна мен залды қуаныш пен жылылыққа толтырған толқын сезілді. Мерекелік шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты. Кештің әсерлі сәттері би кешімен жалғасын тапты, қатысушылар көңілді естеліктермен тарады.



