Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты қазақ тілінен тәрбие сағаты өтті. Іс-шара түрлі ұлт өкілдеріне арналды. Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосу, тілді құрметтеуге баулу, оның мәртебесін асқақтату, әр ұлттың салт-дәстүрі мен тіл байлығын дәріптеу, сондай-ақ қызмет алушылардың дүниетанымын кеңейтіп, сөздік қорын байыту болды.




Сабақ барысында қатысушылар қазақ тілінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, өлеңдер оқыды. Ұлы тұлғалардың нақыл сөздері мен жырларын жатқа айтып, ән орындады. Бұл олардың мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасын арттырып, жетістіктерін айқын көрсетті. Шара басында бөлім басшысы К. Бапишев тіл үйреніп жүрген әрбір қызмет алушыға алғысын білдіріп, олардың талпынысын жоғары бағалады. Тәрбие сағаты патриоттық рух сыйлаған «Атамекен» әнімен түйінделді.



