Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Eurasian Silver Forum: Белсенді ұзақ өмір және білім 50+» атты халықаралық форум өтті. Жиынға шетелдік сарапшылар мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Форум аясында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ұйымдастырған қолөнер бұйымдарының көрмесі көрермендердің зор қызығушылығын оятты. Қолдан жасалған ойыншықтар, суреттер, түрлі қолғаптар, бас киімдер мен сөмкелер көпшіліктің ықыласына бөленіп, ұлттық нақыштағы туындыларға жоғары баға берілді.

Аталған шара ұзақ әрі белсенді өмір салтын дәріптеумен қатар, дәстүрлі қолөнерді кеңінен насихаттауға ықпал етті. Көрмені ұйымдастыруға Жібек Жайкенованың жетекшілігімен Алматы, Байқоңыр және Сарыарқа аудандары белсене қатысты.