Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

10 тамыз Ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күні. Биыл біз дана ақынның 180 жылдық мерейтойын ерекше құрметпен атап өтудеміз.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының 100-ге жуық зейнеткері осы айтулы күнге орай қалалық Абай ескерткіші алаңында әсерлі өнер көрсетті. Шара барысында олар Абайдың ғибратқа толы өлеңдерін мәнерлеп оқып, ұлы ақынның әндерін орындап, поэзия мен әуен арқылы көрерменді рухани саяхатқа жетеледі.

Ұлы Абайдың мұрасы — халқымыздың сарқылмас рухани қазынасы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын асыл мұра!