5 тамыз күні «Қаламгерлер аллеясында» ұлы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Шын хакім, сөзің асыл — баға жетпес» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ұйымдастырды. Поэзия кешінде ұлт руханиятының темірқазығына айналған данышпан Абайдың өлеңдері мен қара сөздері оқылып, оның терең ойлары кеңінен насихатталды.

«Байқоңыр» ауданы бойынша «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ қызмет алушылары ерекше белсенділік танытып, ақын шығармаларын жатқа оқып, рухани кештің мазмұнын арттырды. Қатысушылар ұлы ақынға деген құрметтерін білдіріп, әдеби мұрасының мәңгілік екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді. Кеш соңында көрермендер ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.



