Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Нұр жол гүлзарында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы шығармашылық топтардың қатысуымен ерекше флешмоб өтті. Іс-шара Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Флешмоб барысында Орталықтың өнерпаз зейнеткерлері ұлы композитордың жүрек тербер «Ата толғау» күйін орындап, қазақ өнерінің абызын ерекше ілтипатпен еске алды. Бұл шығарма — Нұрғисаның өз әкесіне және ата-бабалар рухына арнаған музыкалық толғанысы.
Флешмобқа жалпы 55 зейнеткер қатысты. Бұл — Орталықтың өнер арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын, рухани құндылықтарды ұлықтайтын жарқын бастамаларының бірі болды.