Астана күніне орай Сарайшық ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында, Астана қаласы Сарайшық ауданы әкімдігінің және Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қолдауымен аудандар арасындағы шахмат турнирі ұйымдастырылды.
Шараға елордадағы барлық ауданнан келген «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарының қатысушылары — жалпы саны 14 зейнеткер қатысты. Турнир зейнеткерлер арасында белсенді өмір салтын насихаттау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және орталықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілді.
Турнирдің ең үлкен қатысушысы — 87 жастағы Сабыр атамыз Абугалиев — өзінің табандылығы мен ойынға деген құлшынысымен барша қатысушыларға үлгі бола білді.
Нәтижесінде:
1 орын — Оразбеков Төлеген
2 орын — Абугалиев Сабыр
3 орын — Жұрын Алпыс
3 орын — Жахин Сегізбай
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Шара достық рухымен, мерекелік көңіл-күймен есте қалды.



