2025 жылғы 9–13 маусым аралығында Сарайшық ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» «Шын жүректен – кітап сыйла!» атты жүрекке жылы, мазмұнды акция өтуде.
Шара аясында кез келген адам өзінің сүйікті немесе артық кітаптарын Орталықтың кітап бұрышына әкеліп, зейнеткерлермен және орталықтың қызмет алушыларымен бөлісе алады. Бұл бастама қарттардың бос уақытын мәнді өткізуге, әдебиет арқылы жаңа әсер алуға мүмкіндік береді.
Ма0сатымыз – кітаптарды екінші өмірге бағыттап, Орталықтың қатысушыларына пайдалы оқу материалдарын ұсыну.



