Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Астана қаласы Есіл ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Германиядағы Кеңес Әскері тобының құрылғанына 80 жыл толуына арналған «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға ҚР Қарулы Күштерінің әскери ардагерлері мен «Есіл» аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Мерекелік жиынды Есіл аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» шығармашылық ұжымдары өз өнерлерімен әрледі. Олар майдангерлерге құрмет көрсетіп, Ұлы Жеңістің тарихи маңызын ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара қатысушылардың жүрегінде терең әсер қалдырып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңызды алаңына айналды.