Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ерекше балаларға арналған «Балалар – әлемнің нұры» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – балаларға қуаныш пен мейірім сыйлау, мерекелік көңіл күй тарту.

Ұрпақтар сабақтастығы аясында Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен Сервис және технология колледжінің өнерпаздары балаларға ән мен биден, күйден шашу шашып, өз өнерлерін тарту етті.



Іс-шара барысында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушылары балаларға арнап ойыншықтар мен тәттілерге толы сыйлық қоржынын табыстап, шынайы қуаныш сыйлады.
Бұл күн – балалардың күлкісі мен қуанышы үшін жасалған үлкен жүректі адамдардың бірлескен игі ісінің айғағы болды.



