
21 мамырда Астана қаласының демалу орындары мен саябақтарында жазғы сауықтыру маусымы ашылды.
Бүгін сағат: 9.00-11.00-ге дейінгі аралықта бір мезгілде «Жетісу», Президенттік, Ататүрік және Ботаникалық саябақтарда, Нұржол гүлзары мен Ұстаздар алаңында, Қаламгерлер аллеясында, «Жастар» сарайының жанында таңғы сауықтыру жаттығулары өтті. Жазғы маусымның ашылуына 530 қала зейнеткерлері қатысып, йога, оңалту гимнастикасы, айкүне, скандинавиялық серуен және «Цигун» тыныс алу гимнастикасынан жаттығулар жасады.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Астана қ. демалу саябақтарында зейнеткерлердің қатысуымен сауықтыру жаттығуларын өткізуді тұңғыш рет қолға алып отыр. Атап айтқанда, Орталықтың спорт нұсқаушылары мен ерікті зейнеткерлерімен бірлесіп, таңғы уақытта сауықтыру сабақтарын өткізетін болады.
Бұл бастама қала тұрғындарының денсаулығын нығайту және спорттық белсенділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жазғы сауықтыру жаттығуларына қатысуға ниет білдірген барлық қала тұрғындарын сауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Жаттығуға қатысу тегін.

Сауықтыру жаттығулары «Жетісу», «Жерұйық», Ботаникалық саябағында, Орталық және Президент саябағында, Нұржол гүлзары мен Мұғалімдер алаңында қыркүйек айына дейін кестеге сәйкес жалғасатын болады.
Сонымен қатар, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы қала зейнеткерлері үшін жазғы маусымда Жетісу саябағында әр сәрсенбі сайын сағат.: 17:00-19:00 аралығында «Зейнеткерлер дискотекасын» өткізуді бастайды.
Саябақтарда егде жастағы адамдарға арналған ретро әндерден би кештері ардагерлерді әлеуметтендіру, сауықтыру және зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылады.



