Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

19 мамырда Е. Рахмадиев ат.  Мемлекеттік академиялық филармонияда «Ардагерлер көктемі» атты шығармашылық ұжымдардың фестивалі өтті. Өнер байқауына 61-75 жас аралығындағы өнерпаз ата-әжелер қатысты. Атап айтқанда, «Есіл толқындары» халықтық ансамблі, «Березка» мен «Әдемі» вокалдық топтары, «Жалын», «Қыздарай» және «Магия вальса», «Аэлита» би  топтары, «Дайдидай» өнер ұжымы мен жеке орындаушылар өнер көрсетті.

Фестивальдің мақсаты – Астана қаласындағы өнерлі зейнеткерлерден құрылған шығармашылық ұжымдарының шеберліктерін жетілдіру, аға буын өкілдерінің мәдени-эстетикалық тәрбиені нығайтуға үлес  қосу, жастарға үлгі  болу және белсенді зейнеткерлікті насихаттау болып табылады.

Аталған мәдени шараға Алматы, Байқоңыр, Сарыарқа, Нұра, Есіл, Сарайшық аудандарынан 200-ден астам өнерпаз зейнеткерлер қатысты. Бүгінгі гала-концерт қатысушылары – 14-15 мамыр аралығында БҰӨСО-ның аудандық филиалдарында өткен іріктеу турының үздік орындаушылары.

Іс-шара Астана қаласы әкімінің «2025-2029 жылдарға арналған Белсенді ұзақ өмір сүру жабасы» аясында ұйымдастырылып, «Ұлы Жеңістің                               80 жылдығы» мен «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы» тақырыптарын арқау етеді. Сондай-ақ, жергілікті ақын-композиторлардың әндері, патриоттық шығармалар мен халықтық туындылар да орындалды.

Гала-концертте «Беу айдай», «Жас қазақ», «Қара кемпір», «Победа», «Ана туралы баллада», «Әке туралы ой» әндері мен «Балбырауын» күйі орындалып, «Эхо войны», «Вальс фронтовой медсестры» билері және т.б. шығармашылық номерлер көрермен назарына ұсынылды.

Фестиваль ұйымдастырушылары үздік өнер ұжымдарын ерекше атап өтіп, «Үздік хор ұжымы», «Үздік сахналық қойылым», «Авторлық шығарма», «Үздік вокалдық топ», «Үздік би тобы», «Шығармашылық шабыты үшін», «Үздік жеке орындаушы» және т.б. номинациялар бойынша үздіктерді сахна төрінде марапаттады.

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ШЕШІМІ БОЙЫНША ҮЗДІК ӨНЕРПАЗДАР ТӨМЕНДЕГІДЕЙ АНЫҚТАЛДЫ:

Үздік хор ұжымы  — халықтық «Есіл толқындары» ансамблі (Есіл ауд.);

Үздік сахналық қойылым — «Жалын» би тобы (Байқоңыр ауд.);

Үздік вокалдық топ — «Березка» вокалдық тобы (Алматы ауд.);

Үздік би тобы — «Магия вальса» би тобы (Сарыарқа ауд.);

Көрермен көзайымы — «Қыздарай»  (Нұра ауд.) мен «Аэлита» (Алматы ауд.) би топтары;

Үздік эстрадалық композиция — «Сағыныш сазы» ансамблі (Есіл ауд.);

Ұлттық құндылықтарды сақтағаны үшін — «Дайдидай» өнер ұжымы (Сарайшық ауд.);

Авторлық шығарма — «Шырқа гитара» клубының солисі Бибіжамал Сұлтанова (Есіл ауд.);

Ұлттық салт-дәстүрді сақтағаны үшін — «Қазына» ұжымы (Есіл ауд.);

«Армандар орындалады» номинациясы —         «Әдемі» ансамблі (Алматы ауд.)

Үздік жеке орындаушы — Рауза Набиуллина (Сарыарқа ауд.);

«Шығармашылық шабыты үшін» —         Төребек Әбдіразақ Тәкірұлы (Байқоңыр ауд.);

Үздік орындаушылар номинациясы — «Әдемі» ансамбль солисі Матаева Гүлбаршын (Алматы ауд.) мен «Дайдидай» ұжымы солисі  Үмітжан Смайлқызы (Сарайшық ауд.).