Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Алматы ауданының БҰӨС орталығында «Березка» ансамблінің Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге арналған мерекелік концерті өтті.

Концерт барысында көрермендер соғыс жылдарының ауыр сәттері мен ерлікке толы күндерін еске алды. Шарада «Катюша», «Көк тудың желбірегені», «Ана» және басқа да патриоттық рухтағы әндер шырқалып, тыңдармандардың жүрегіне жол тартты.

Ардагерлер мен жиналған көрермендер өнерпаздардың шынайы ықыласпен орындаған туындыларын ыстық ықыласпен қарсы алып, ерекше тебіреніспен тыңдады. Әсіресе, таныс әуендер жүректі тербеп, тыңдармандарды өткенге жетеледі.

Бұл концерт – Ұлы Жеңіске деген тағзым мен кейінгі ұрпақтың ризашылығын білдіретін рухани шараға айналды.