Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

26 сәуірде сағат 10:00-ден бастап елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экоакциясы аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. Оған біздің Орталықтың 100-ден аса қызметкері қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

Сенбілік барысында қызметкерлер ағаштар мен бұталар отырғызып, осылайша қаланы көркейтуге үлес қосты.
Сенбіліктің мақсаты – елордада тазалық пен тәртіпті сақтау үшін қала тұрғындарының күшін біріктіру, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау еді.
Қызметкерлер тазалық орнатып, аулаларды абаттандыру үшін жиналды.
Есіл ауданында қызмет алушы 60 зейнеткер мен Орталық қызметкерлері Есіл аудандық ардагерлер кеңесімен бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық сенбілігіне қатысып, өздеріне бөлінген аймақты қоқыстан тазартты.
Байқоңыр ауданында қызметкерлер Әкімдік пен Ардагерлер кеңесінің өкілдерімен бірлесіп, «Жазушылар аллеясы» маңында ағаш пен бұталарды отырғызды және тазалау жұмыстарын жүргізді.
Алматы ауданында 20-дан астам орталық қызметкері мен қызмет алушылар Айнакөл және М. Жұмабаев көшесінің қиылысындағы жол бойына ағаш отырғызып, аула маңайын тазартты.
Сенбілік қаламыздың көркеюіне атсалысып қана қоймай, рухани көңіл күй сыйлады.