Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлері “Таза Қазақстан” акциясы аясында “Ағаш отырғызу – сауапты іс” атты сенбілік іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында қызметкерлер “Ырыскелді қажы” мешіті аумағында ағаш көшеттерін отырғызып, оларды суарып, абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізді.
Бұл игі бастама табиғатты қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.





