
Есіл ауданында қаламгерлерді ұлықтау мақсатымен «Өмір кемесі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге шығармашылықтан қол үзбеген орталықтың зейнеткер-жазушылары қатысқан болатын. Зейнетке шықса да, қаламды жанына серік етіп, көз майын тауысып үнемі ізденісте жүретін ардагерлер «Өмір кемесінде бірге жүзіп, бірге жүріп келе жатқан жан досым!», «Өмір — бұл желкенді қайық…», «Өмір кемесі — ерекше өмірбаян» мақалаларын жазып, көпшілікпен бөлісті.
Атап айтқанда, еңбек ардагері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Күләш Шүренова, поэзияны жанына серік еткен, «Қазақ рухы», «Тәжірибелі кезең», «Ұлы жан», «Достық туралы», «Хиджаб туралы», «Интернет туралы» т.б. өлең жинақтарының авторы, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Мира Бердығалиева және «Менің магниттік кеңістігім» кітабының авторы, биоэнерготерапевт, «Қинэс Қазақстандық рекордтар кітабының» кейіпкері Қарылғаш Нығметова қатысты.
Жақсылықтың жаршысы болып жүрген зейнеткерлерімізге алғысымыз шексіз.



