
БҰӨСО «Байқоңыр» ауданында «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты ұлттық мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Көктемнің шуақты мерекесіне орай өткен бұл шара қазақтың ұлттық ойындары мен өнерін насихаттауға арналды.
Наурызнаманың 7-ші Ұлттық спорт мерекесі аясында:
-
Байқоңыр және Сарыарқа аудандарының скандинавиялық серуен қатысушылары жігерлі музыкамен өз өнерлерін көрсетті.
-
Өндіріс елді мекеніндегі №49 мектеп-гимназиясының оқушылары мен орталықтың ата-әжелері «Асық ату» және «Арқан тартыс» ұлттық ойындарына қатысып, сайыс өткізді.
-
Ойындар арасында «Тамаша» әжелер тобы әуелете ән шырқап, би билеп, мерекеге ерекше реңк қосты.
Наурыз дәстүрлері де ұмыт қалмады. Шара ақсақалдың «Ақ батасымен» басталып, дәстүрлі «Шашу» рәсімімен жалғасты. Күй күмбірлеп, ән мен жыр төгілді. Орталықтың шығармашылық ұжымдары орындаған ұлттық билер көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
Бұл мереке – бірліктің, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын көрінісі болды! Наурыз құтты болсын!



