
Кемал Ататүрік атындағы саябақта Астана әкімдігінің «Байқоңыр» және «Сарыарқа» ауданы бойынша «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтті.
Мерекелік шара киіз үй тігіліп, ұлттық дәстүрлеріміздің көрінісімен басталды. Қонақтарды ұлттық киімдегі ақсақалдар мен әжелер шашу шашып, ыстық ықыласпен қарсы алды. Ақсақалдарымыз ақ батасын беріп, көпшілікке ізгі тілектерін жеткізді.
Концерттік бағдарламада:
- Вокалдық топтардың әсем әндері
- Би топтарының «Қара жорға», «Жайлауда», «Көңіл толқыны» билері
- Мұхтар Газизовтің домбырамен «Жезкиік», «Саржайлау» күйлері орындалды.
Мерекеге арнайы келген құрметті қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, халықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
Наурыз – татулық пен бірліктің, көктем мен жаңарудың мейрамы! Баршаңызға молшылық, құт-береке, берекелі ғұмыр тілейміз!



