
Қарабатыров Серік Жолаушыұлы
Туған жері: Ақмола облысының тумасы, әскери борышын абыроймен өтеген.
Білімі: Зеренді училищесін және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған, мамандығы – заңгер. Әлеуметтік салада жеткілікті білімі мен мол тәжірибесі бар.
Еңбек жолын 1996 жылы «Ленин жолы» совхозында қарапайым слесарь болып бастаған.
Іскерлігі мен табандылығының арқасында біртіндеп жауапты лауазымдарға көтерілді.
2021-2025 жылдар аралығында қалалық Ардагерлер ұйымында қызмет етті.
2025 жылдың 7 тамызынан бастап Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында директордың орынбасары қызметін атқарып, қазіргі таңда мекемеге басшылық етуде.
Серік Жолаушыұлы егде жастағы азаматтармен жұмыс істеуде, оларды әлеуметтік қолдау бағытында тәжірибелі маман.
Отбасылы, жұбайы Дина Омарқызымен бірге бір қыз тәрбиелеп отыр.



