
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Байқоңыр ауданының БҰӨСО-ына қарасты «80+ Әжелер» клубының ісмер әжелері Ж. Жабаев атындағы №4 гимназия-мектебінің оқушы қыздарымен кездесу өткізді.
Оқушылар мен әжелер арасында өткен шеберлік сабағында қыздар екі бағыт бойынша білім алды. Бірқатар оқушы қыздар «Өз қолымен жасалатын сыйлықтар» үйірмесінің жетекшісі Альфия Захарқызынан бисермен жұмыс істеу әдісін үйренсе, қалған оқушылар тігін машинасымен құрақ тігуге қатысты.
Қыздар тігіншілік өнерін үлкен қызығушылықпен меңгеріп, кездесудің соңында әжелерді мерекемен құттықтап, оларға алғыстарын білдірді. Шеберлік сабағы барысында оқушылар өз аналарына бисерден білезік пен сақина жасап үлгерді.
Балым Сапарханқызы жетекшілік ететін тігу, пішу үйірмесіне әр сенбі сайын оқушы қыздар жиналып, «80+ Sheber Shop» әлеуметтік жобасы аясында жұмыстарын жалғастыруда.



