Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
IMG_4165

 

Астана қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына қош келдіңіз!

Шабытпен, қуанышпен белсенді өмір сүргісі келетін зейнеткерлерге біздің есігіміз әрдайым ашық. Мұнда аға буын өкілдері өз замандастарын тауып, жаңа дағдыларды дамытады, денсаулықтарын нығайтады. 

Біздің Орталықта әр күн қозғалысқа, шығармашылыққа және жылулыққа толы!

Астана қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы аға буын өкілдерін қолдау үшін құрылды, мұнда әркім өз уақытын тиімді өткізе алады, денсаулығын нығайтады, шығармашылық қабілеттерін ашады және өзін қоғамға қажетті сезінеді.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын құру идеясы Мұхтар Дүйсенұлы Еркетаевқа, яғни үлкен жаны мен белсенді өмірлік ұстанымы бар адамға тиесілі. Ол бүгінде елорданың мыңдаған зейнеткерлерін біріктіретін жобаның бастаушысы болды. Алғашқы күндерден бастап ол орталықтың жұмысын ұйымдастыруға, мамандарды таңдауға, үй-жайларды жабдықтауға және мейірімділік пен өзара түсіністік орнаған жайлы атмосфераны құруға тырысты. Оның еңбегі мен табандылығының арқасында Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары Астананың әлеуметтік өмірінің маңызды бөлігіне айналды.

Қала ардагерлері Мұхтар Дүйсенұлы Еркетаевқа қамқорлығы, адалдығы және елорданың дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

Орталық Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен «2025 жылға дейін белсенді ұзақ өмір сүру» мемлекеттік жоспарын іске асыру шеңберінде Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің бастамасымен елорда әкімінің қолдауының арқасында құрылды.

2022 жылдың 5 қаңтарында елордада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы өз жұмысын бастады.

Бүгінде Астанада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының алты филиалы:  Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа, Нұра және Сарайшық аудандарында жұмыс істейді. Олардың барлығы заманауи жабдықтармен, ыңғайлы оқу залдарымен және шығармашылық құралдарымен жабдықталған. Орталықтар ардагерлер кеңесімен, медициналық және білім беру мекемелерімен өзара ынтымақтастықта жұмыс істейді. Бұл профилактикалық, оқыту және мәдени іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.

Орталықтың негізгі мақсаты – қарт азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, оларды әлеуметтендіру және мәдени, шығармашылық, спорттық және зияткерлік қызметке тарту. Мұнда егде жастағы адамдар бос уақыттарын өткізіп қана қоймайды, олар қарым-қатынас жасауға, жаңа нәрселерді үйренуге, денсаулығына қарауға және өз маңыздылығын сезінуге мүмкіндік алады.

Күн сайын Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына 3,5 мыңнан астам зейнеткер келеді. Олар үшін қызметтердің 20-дан астам түрі бар және 30-дан аса клуб жұмыс істейді, онда зейнеткерлерден өз қалауы бойынша спорт пен биден, қолөнерден,  тілдік курстардан сабақ ала алады.

Орталықта сауықтыру және дамыту бағдарламалары жұмыс істейді, атап айтқанда, йога, тыныс алу гимнастикасы, цигун, арт-терапия, би және вокал, спорт залдары, компьютерлік курстар, шығармашылық және оңалту кабинеттері бар.

                 

Қаржылық және цифрлық сауаттылық бойынша дәрістер, жазушылармен, ақындармен, қоғам қайраткерлерімен және дәрігерлермен кездесулер өткізіледі.

.                     .               

Зейнеткерлердің денсаулығы мен психологиялық жағдайына ерекше назар аударылады. Тұрақты медициналық кеңес берулер, тренингтер және профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.

Орталықта «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы да жүзеге асырылуда.

Бүгінде Орталыққа 17,5 мыңнан астам зейнеткерлер келеді. Онда концерттер, көрмелер, экскурсиялар, фестивальдар, театр және поэзия кештері өтеді. Шығармашылық ұжымдар қалалық және халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Біздің Орталық аға буын өкілдері үшін нағыз үйге айналды.