Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сарыарқа ауданының “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында” зейнеткерлерге арналған жаңа жылдық концерт өтті. Шараның басында Астана қаласының “БҰӨС” орталығы директорының орынбасары Марат Әбдуәлиұлы және Сарыарқа ауданының БҰӨСО бөлім басшысы Кенжеболат Сапарұлы құттықтау сөз сөйлеп, баршаны мерекемен шын жүректен құттықтады.

Мерекелік кеш барысында зейнеткерлер өз өнерлерін ортаға салып, бағдарламаның басты кейіпкерлеріне айналды. Ән айтып, би билеп, қатысушыларды жаңа жылдық көңіл-күйге бөледі. Концерттің шарықтау шегі – зейнеткерлердің өздері дайындаған қызықты ертегі қойылымы болды. Бұл қойылым көрермендерді қуанышқа бөлеп, олардың шынайы өнеріне ерекше қошемет сыйлады.

Сондай-ақ, кеш аясында түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, орталық ұсынған сыйлықтарды жеңіп алды. Әр ойын көңілді әрі шаттыққа толы өтіп, жеңімпаздар өз сыйлықтарын зор қуанышпен қабылдады.

Кеш соңында үздік өнер көрсеткен ұжымдар арнайы номинациялармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Шара барлық қатысушылар үшін шынайы жаңа жылдық ертегіге айналып, ұмытылмас әсер қалдырды.