Есіл ауданында екі жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Алдымен, “Асыл мұра” домбыра оркестрі, “Шырқа гитара” клубы, “Бәйтерек” ансамблі және оңалту жаттығуларының 1-4 топтарына арналған мереке өтті. Іс-шараға 100 адам қатысып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Есіл ауданында тағы бір жаңа жылдық кеш өтті. Бұл шараға оңалту гимнастикасының 4-8 топтары, компьютерлік сауаттылық курсының 8 тобы, “Таным” поэзия клубы және Елорда халықтық қорының қызмет алушылары қатысты. Барлығы 100 адам қатысты, іс-шара да сәтті өтіп, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Екі іс-шара да жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға жарқын мерекелік әсер қалдырды.



