Нұра ауданының белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Өздігінен білім алу» тақырыбында мастер-класс өткізілді: «Хореографиядағы инновациялық бағыттар».
«Би айналасында» деп аталатын мастер-классты жоғары санатты педагог-хореограф Ирина Смағұлова жүргізді. Іс-шараға шамамен 70 адам қатысты, олар хореографияның қазіргі заманғы тенденцияларымен танысып, мол шабыт алды. Мастер-класста қатысушылар қара жорға биі, әдемі вальс биі, қамажай биін билеп, би өнерінің әртүрлі стильдерін меңгеріп, би техникасын жетілдірді. Сонымен қатар, би арқылы шығармашылық әлеуеттерін дамытуға және дене жаттығуларын дұрыс орындауға бағытталған практикалық кеңестер мен тәсілдер берілді. Мастер-класс қатысушыларға би өнерін тереңірек түсінуге, сондай-ақ өз денсаулықтары мен көңіл-күйлерін жақсартуға мүмкіндік берді. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тіленіп, жақсы көңіл-күй мен мерекелік атмосфера орнады.



