Елордамызда қысқы спорт маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара елорданың шаңғыроллер тас жолында ұйымдастырылып, шаңғы жарысымен басталды.
Аталмыш іс-шараның ашылуына Астана қаласы Байқоңыр ауданының БҰӨСО-ның «Шаңғы» клубынан 6 адам қатысты. Керімбай Котырев 50+ жастағы қатысушылар арасында шаңғы жарысына қатысқаны үшін медальмен марапатталды. Ол Байқоңыр БҰӨС орталығының “Шаңғы” клубының еріктісі (волонтері).
Біздің клуб белсенді өмір салтын ұстанатын спортсүйер ата-әжелерімізге арналған. Егер сіз де табиғат аясында серуендеп, денсаулығыңызды нығайтқыңыз келсе, бізге қосылыңыз! Шаңғы тебу арқылы жаңа достар тауып, ұмытылмас әсерге бөленесіз.



