Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бүгін Алматы ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Жәрмеңке зейнет жасындағы азаматтарға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, олардың еңбек нарығындағы белсенділігін арттыруды көздеді.

Іс-шара барысында қатысушыларға түрлі ұйымдар мен кәсіпорындар өздеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынды. Сондай-ақ, мамандар жұмысқа орналасу бойынша кеңестер беріп, тәжірибелерімен бөлісті. Бұл жәрмеңке зейнеткерлердің еңбекке араласуына, әлеуметтенуіне және өмір сапасын жақсартуға ықпал ететін маңызды қадам болып табылады.