“Нұра” ауданы БҰӨС орталығының кино-концерт залында “Ұлағат” әдеби-мәдени клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған “Жүрегімде желтоқсанның күркірі” атты тағылымды іс-шара өтті. Қатысушылар Желтоқсан оқиғасы құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті.
Кеште клуб мүшелері жыр-шумақтарын оқып, Желтоқсан оқиғасына арналған көркем шығармалар мен өлеңдерден үзінділерді орындады. Әдеби және музыкалық қойылымдар көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.
Залға жиналған зейнеткерлер мен жастар тарихи оқиғаның маңыздылығына терең бойлап, егемендігіміздің қандай қиын жолмен келгенін тағы бір мәрте түсінді. Іс-шара соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, Тәуелсіздіктің қадірі мен оны сақтаудың маңызы жайында ой өрбітті.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, әр жүректе елге, жерге деген патриоттық сезімді ұялатты.



