Желтоқсан айының 10-11 күндері Есіл ауданы зейнеткерлері арасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған шахмат турнирі өтті. Жалпы басшылықты Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің аппараты және Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы жүзеге асырды. Турнирге қатысушылар саны артты.
Турнир қорытындысы:
Ерлер арасында: І орын – Ш. Жакей, ІІ орын – С. Қуанышбай, ІІІ орын – Б. Бейсембаев.
Әйелдер арасында: І орын – К. Жанұзақова, ІІ орын – М. Абенова, ІІІ орын – С. Есенбаева иеленді.
Жеңімпаздар кубок, диплом және медальдармен марапатталса, белсенділік танытқандар «Белсенді қатысқаны үшін» дипломымен марапатталды.
Жеңімпаз зейнеткерлерімізді құттықтаймыз!



