Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Дүниежүзілік волонтерлер күніне орай БҰӨСО ерікті зейнеткерлерді марапаттады. 30-ға жуық күміс ерікті сертификаттармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бүгінде Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына қарасты «Күміс еріктілер» клубында 80-ге жуық зейнеткер бар. Олардың орта жас шамасы 61 -70 жас аралығында. Ерікті ата-әжелер Астана қаласында өтетін қайырымдылық акциялары мен экологиялық сенбіліктерге белсене атсалысады, тегін шеберлік сабақтарын өткізіп, ұрпақтар сабақтастығы аясында қала мектептерімен, студент жастармен өзара ынтымақтастықта жұмыс істейді. Сонымен қатар Орталықтың күміс еріктілері «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігімен және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығымен Меморандум аясында көптеген игі шараларды атқарды. Қаладағы ерікті зейнеткерлер қайырымдылық іс-шараларға жиі тартылады. Мәселен, Нұра ауданының «Күміс еріктілер» клубының мүшелері «Шарапат» қарттар үйінде концерттер, «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қайырымдылық акцияларын өткізді. Бос уақыттарында «Күміс еріктілер» клубының әжелері мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнап киім-кишектер тоқып, қолдан сыйлықтар жасайды.

АҚПАРАТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ БӨЛІМ