15 қараша күні Алматы қаласында өткен «Көктем – Жүрек» ән-би байқауы – 2024 аясында «Өнерлі елдің өрісі биік» республикалық ата-апалар арасындағы өнер сайысында «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша Бас жүлдені «Асыл мұра» домбыра оркестрі жеңіп алды.
Жеке орындауда вокал жанры бойынша «Гран-при» иегері Салтанат Шамина атанса, «Сағыныш сазы» ұлттық вокалдық аспаптар ансамблінің жетекшісі Ж. Искамбековтың жетекшілігімен өнер көрсетті. Ал осы номинацияда І орынды «Бәйтерек» ансамблінің мүшесі Рымкеш Ордабаева иеленді (жетекшісі — Ш. Шайменова).
Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!



