Есіл ауданындағы БҰӨСО-да Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ұлттық волонтерлік желі» ұйымы БҰӨСО қызмет алушылары үшін «Күміс волонтерлік: белсенді ұзақ өмір сүрудің жаңа көкжиектері» және «Волонтерлік негіздері» тақырыптарында лекция мен мастер-класс ұйымдастырды.
Іс-шараға спикерлер ретінде волонтерлер координаторы Айдана Мақышева және белсенді волонтерлік қауымдастықтың координаторы Дарья Меренцова қатысты. Олар қатысушыларға волонтерлік қызметтің маңыздылығы мен оны тиімді ұйымдастыру жолдары туралы құнды ақпарат ұсынды.
Күміс волонтерлік – егде жастағы адамдарды қоғамдық өмірге белсенді қатысуға тарту арқылы олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған ерекше бастама.
Шара ерекше жылы әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар тек қажетті ақпарат алып қана қоймай, волонтерлікке деген жаңа көзқарас қалыптастырды. Шара соңында қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, болашақта осындай кездесулерге қатысуға ниет білдірді.



