29 қазан күні, дәстүрлі түрде, Астана қаласының әлеуметтік сала қызметкерлері Е. Рахмадиев атындағы филармонияға жиналды. Мерекелік концертке қаланың өнерпаздары мен филармония әншілері қатысып, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар мерекелік концертте Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұржамал Үсенбаева өнер көрсетті.
Қала әкімінің орынбасары Ерік Мейрханов өз сөзінде әлеуметтік сала қызметкерлерінің қоғам үшін атқарып жатқан үлкен еңбегін атап өтті. Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлер марапатталды. Атап айтқанда, ұзақ жылдар бойы еліміздің өркендеуіне қызмет еткен, тәжірибелі маман Роза Маусымбаева қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ал, әлеуметтік саланың дамуына үлес қосқан Мақпал Ақбасова мен Бақыт Жақияева қала әкімі орынбасарының мадақтау қағазымен марапатталды.
Сондай-ақ, әлеуметтік сала қызметкерлері арасында өткен спартакиаданың жеңімпаздары да марапатталды. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және үстел теннисі бойынша бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болған спортшыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды. Атап айтқанда, Сәуле Баймағамбетова, Мерғалым Нурумов, Қуанышбай Бекеш және Гүлнәр Шинасилова өздерінің спорттық жетістіктерімен барлық қатысушыларды қуантты.
Жалпы командалық есепте біздің Орталық 2-ші орынды иеленді. Бұл – біздің қызметкерлердің спортқа деген құштарлығының және бірлік пен ұйымшылдығының айқын дәлелі.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Әрі қарай да осындай жақсы жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!



