14 қазанда Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында кезекті «Ашық есік» күні өтті. Іс-шара аясында орталыққа келген азаматтар әр түрлі мемлекеттік және медициналық қызметтерді жедел алу мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар, Ашық есік күніне арнайы мамандар шақырылды. Мамандар тарапынан зейнеткерлерге консультативтік кеңестер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен ҚР Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мамандары келушілердің өзекті сұрақтарына толыққанды жауаптар берді. Сұрақтардың басым көпшілігі зейнетақы, әлеуметтік көмек, қаржылық қызметтер және басқа да өзекті мәселелер туралы болды.
Ашық есік барысында қызмет алушыларды Аудандық Ардагерлер кеңесінің өкілі Қ.М. Ахметова және заңгер Фарида Бақтығұлова қабылдап, құқықтық көмек көрсетті. Ал «Омрон» компаниясының медициналық өкілі Анастасия Герцог медициналық тексерулер жүргізіп, қант диабетін анықтау үшін диагностика жасады. Зейнеткерлер өз денсаулығы жайлы маңызды ақпарат алды.
«Ашық есік» күні «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылды.



