Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қарттар күніне орай Алматы ауданы бойынша БҰӨСО-да шахмат турнирі өтті.
Турнирге Алматы ауданынан 20 зейнетке қатысты. Турнир қорытындысы бойынша 73 жастағы зейнеткер Ғаният Насыров жеңімпаз атанды. Қалған 2,3 орындарды Пайзулла Тайжанов пен Монтай Қаңтарбаев өзара бөлісті.
Жалпы БҰӨСО-ның 5 ауданында 180-нен астам зейнеткер шахмат үйірмесіне қатысады.

Шахматтың егде жастағы адамдар үшін пайдасы өте зор. Шахмат адамды жылдам ойлануға, шешім қабылдауға септігін тигізеді. Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға көмектеседі. Сол себепті шахмат ойнауды ниет еткен зейнеткер Орталықтағы үйірме жұмыстарына үзбей қатысады.