Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин Астана қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына арнайы келді. Ол зейнеткерлерді Қарттар күнімен құттықтады.
О. Анафин Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы түрлі секциялар мен үйірмелердің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Орталыққа келуші зейнеткерлердің ұсынысы мен пікірлерін тыңдады.
Мереке күні біздің Орталыққа арнайы келген вице-министр зейнеткерлерге өзінің жүрекжарды лебізін білдіріп, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атынан Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына естелік сыйлық табыс етті.