Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Астана қаласы Әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушылары «Астана-Бәйтерек» монументі мен «Нұржол» гүлзарының жанындағы алаңға жиналып, «Егемендігім — елдігім!» атты республикалық челленджді өткізді.

Орталық зейнеткерлері мәдени шараны Ата Заңымызды ұлықтау және оның мәртебесін асқақтату, еліміздегі тұрақтылық пен заңдылықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырды.
Челленджге Алматы, Байқоңыр, Нұра, Сарыарқа және Есіл аудандарынан 200-ге жуық өнерлі ата-әжелер жиналып, Қазақстан Республикасының Әнұранын жатқа орындады. Қала зейнеткерлерінің бұл игі бастамасы жастарға үлгі болып, олардың бойына патриотизмді ұялатуға септігін тигізеді.

Челлендж соңында Астананың ата-әжелері осы өнегелі бастаманы жалғастыру үшін алматылық зейнеткерлерге жолдады.

 

Құжаттама

Аты Түрі мен өлшемі
, Қараңыз Жүктеу